Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Мұхтар Әуезов атындағы Павлодар қаласының мектебі – қаламыздағы ең ірі әрі жетекші білім беру ұйымдарының бірі. Бүгінде мектебімізде 75 сынып-комплектіде 1945 оқушы білім алуда, оның ішінде 27 сынып – гимназиялық бағытта.
05-01-2026 08:10
Мұхтар Әуезов атындағы Павлодар қаласының мектебі – қаламыздағы ең ірі әрі жетекші білім беру ұйымдарының бірі.  Бүгінде мектебімізде 75 сынып-комплектіде 1945 оқушы білім алуда, оның ішінде 27 сынып – гимназиялық бағытта.

Мұхтар Әуезов атындағы Павлодар қаласының мектебі – қаламыздағы ең ірі әрі жетекші білім беру ұйымдарының бірі.

Бүгінде мектебімізде 75 сынып-комплектіде 1945 оқушы білім алуда, оның ішінде 27 сынып – гимназиялық бағытта. Бірінші жартыжылдықтағы білім сапасы 64 %-ды құрайды. Бұл – күн сайын білім, құндылықтар мен болашаққа деген сенім қалыптасатын үлкен мектеп қауымдастығы.

2025 жыл елеулі жетістіктер жылы болды:
• Павлодар қаласы әкімінің «Табысты тәлімгерлік» номинациясы бойынша дипломы;
• «Зерде» кіші сынып оқушылары арасындағы байқау мен жоғары сыныптардың зерттеу жұмыстары конкурсында «Ең үздік қалалық команда» және «Ең үздік мектеп командасы» атақтары;
• Жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша олимпиадаларда «Ең үздік олимпиадалық команда»;
• «Үлкен үзіліс» қалалық байқауында 3 орын;
• ҰБТ–2025 қорытындысы бойынша қала мектептері арасында 5-орын.

Мектеп жұмысының басым бағыттары:
• білім сапасын арттыру, ББЖМ мен ҰБТ-ға сапалы әрі нәтижелі дайындық;
• «Адал азамат» бағдарламасы аясында оқушыларды тәрбиелеу, азаматтық және ұлттық құндылықтарды қалыптастыру;
• оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және салауатты өмір салтын орнықтыру;
• педагогтердің біліктілігін арттыру, кәсіби байқауларға белсенді қатысу;
• баланың табысты дамуының маңызды шарты ретінде ата-аналармен тығыз ынтымақтастық орнату.

Біз материалдық-техникалық базаны жүйелі түрде жаңартып, инфрақұрылымды дамытып, әрбір оқушының жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасаудамыз.

2025 жылдың қорытындылары – бұл бірлік пен кәсібиліктің, білім беру ісіне деген шынайы адалдықтың айқын нәтижесі.

Мектеп басшысы Г.Т. Топанова