«Ұлттық style» жобасы аясында Мұхтар Әуезов атындағы мектепте қазақ ою-өрнектерімен этно-брошкалар жасау мастер-классы өтті.
Іс-шараның мақсаты - оқушыларды ұлттық мәдениет пен дәстүрге баулу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру және қолданбалы өнер дағдыларын жетілдіру.
Мастер-класс барысында оқушылар этно-стиль ерекшеліктерімен, ұлттық ою-өрнектер элементтерімен танысып, гипстен бірегей, түрлі-түсті және әшекейленген брошкаларын жасады. Әрбір жұмыс ұлттық нақышқа сай сәнді әрі киімге үйлесімді болып шықты.
Бұл іс-шара ұлттық мұраны сақтауға және насихаттауға, шығармашылық ойлауды дамытуға, эстетикалық қабылдауды қалыптастыруға және мектепте шығармашылық әрі шабыттандыратын атмосфераны құруға ықпал етті.
