Мұхтар Әуезов атындағы ЖОББМ «Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп кітапханасында Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай танымдық іс-шара өтті.
Мұхтар Әуезов атындағы ЖОББМ «Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп кітапханасында Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай танымдық іс-шара өтті.
Оқушылар ұлы ғалым, саяхатшы, этнограф әрі ағартушы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми мұрасымен танысып, сұхбат пен викторинаға қатысып, тақырыптық кітап көрмесін тамашалады.
Іс-шара жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық тарих пен мәдениетке деген құрметін қалыптастыруға ықпал етті.
Шараны ұйымдастырып өткізген қазақ тілі мұғалімі Камзина А.А., кітапханашы Г.Е.Жунусова.
