Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Мектебімізде «Даналық мектебі» клубы аясында «Әже қолының сыры» атты жылы әрі тағылымы мол шеберлік сағаты өтті.
28-01-2026 14:36
Мектебімізде «Даналық мектебі» клубы аясында «Әже қолының сыры» атты жылы әрі тағылымы мол шеберлік сағаты өтті.

Мектебімізде «Даналық мектебі» клубы аясында «Әже қолының сыры» атты жылы әрі тағылымы мол шеберлік сағаты өтті. Іс-шараның басты мақсаты — ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және үлкендердің өмірлік тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу.
Шеберлік сағаты барысында қатысушылар халықтық қолөнер элементтерімен танысып, өз қолдарымен бұйымдар жасап көрді. Әрбір іс-әрекет арқылы оқушылар ата-баба мұрасын сезініп, қол еңбегінің қадірін түсінді.
«Даналық мектебі» клубы аясында ұйымдастырылған мұндай іс-шаралар оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелейді. Іс-шараға белсене қатысқан барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!