Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
625450
Адрес: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Экологиялық ағарту мен табиғатты қорғау қағидаттары жаңа Конституция жобасында нақты бекітілген – Жұлдыз Сүлейменова.
05-02-2026 08:20
Экологиялық ағарту мен табиғатты қорғау қағидаттары жаңа Конституция жобасында нақты бекітілген – Жұлдыз Сүлейменова.

Экологиялық ағарту мен табиғатты қорғау қағидаттары жаңа Конституция жобасында нақты бекітілген – Жұлдыз Сүлейменова.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Оқу-ағарту министрлігі экологиялық тақырыпты білім беру үдерісіне тереңдете интеграциялауға бағытталған экологиялық білім беру стандартын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Оқу-ағарту министрлігі «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында кешенді әрі жүйелі жұмысты жүзеге асыруда. Аталған бағыттардың бірі – экологиялық білім туралы стандарт әзірлеу. Оның негізгі мақсаты – білім мазмұнында экология тақырыбын жүйелі әрі терең енгізу. Баршаңызға белгілі Конституциялық реформалар аясында жаңа Конституция жобасында табиғатты қорғау нормалары айқын бекітілген. Бұл азаматтар мен мемлекет арасындағы экологиялық жауапкершілікті күшейтетін негізгі құқықтық негіз болып саналады, — деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы үш идеяның негізінде жүзеге асырылуда. Олардың біріншісі еңбек адамы, екіншісі «Заң мен тәртіп» идеясы, үшіншісі «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық жобасының аясында. Бұндағы негізгі мақсат – оқушылар мен жасөспірімдердің бойында экологиялық сананы қалыптастыру. Сонымен қатар табиғатқа жауапкершілікпен қарауды жалпы өмірлік құндылық ретінде бекітуді, орнықтыруды көздейді.