2026 жылғы 4 ақпанда М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің 7 «Г» сыныбында «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
2026 жылғы 4 ақпанда М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің 7 «Г» сыныбында «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – білім алушыларда цифрлық кеңістікте қауіпсіз әрі жауапты мінез-құлық туралы түсінік қалыптастыру, жеке ақпаратты қорғау дағдыларын дамыту және интернет-ресурстарды саналы түрде пайдалануға үйрету.
Сабақ барысында оқушылар өз пікірлерін белсенді түрде білдіріп, цифрлық кеңістіктегі негізгі қауіп-қатерлермен танысты. Осындай тәрбиелік іс-шаралар интернеттегі түрлі жағдайларды талдай білуге және ойластырылған, дұрыс шешім қабылдауға дағдыландырады.
