Мектепішілік жоба аясында 5 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша тәжірибелі педагог-шеберлер мен педагог-зерттеушілердің қатысуымен «Әдістемелік десант» өтті.
Мектепішілік жоба аясында 5 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша тәжірибелі педагог-шеберлер мен педагог-зерттеушілердің қатысуымен «Әдістемелік десант» өтті. Іс-шара қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, күрделі тақырыптарды тиімді оқыту әдістерін көрсету және тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді.
Мұғалімдер топтық жұмыстар барысында практикалық тапсырмалар әзірлеп, тиімді әдіс-тәсілдерді талқылады. Нәтижесінде олардың кәсіби шеберлігі артты, ал күрделі тақырыптарды оқыту сапасы жақсарды.
