13 ақпан күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің акт залында «Ауғанның асуында от кешкендер» атты кездесу кеші өтті.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігі мен өмір жолын таныстыру, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.
Кездесуге мектеп оқушылары, ұстаздар және арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Атап айтқанда, Ауған соғысы ардагерлері:
• Мұстафин Оразбай Жасауұлы
• Зарканов Нұржан Тлегенұлы
Тәжік–Ауған соғысы ардагерлері:
• Алдангоров Қуат Сағындықұлы
• Жотеков Айбек Шәріпбайұлы – «Айбын» орденінің иегері
• Искаков Мұрат Сандыбайұлы
Кеш барысында Ауған соғысы туралы бейнебаян көрсетіліп, тарихи мәліметтер ұсынылды. Ардагерлер өз естеліктерімен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Жастар мен ардагерлер арасындағы еркін сұхбат тағылымды әрі әсерлі өтті.
Іс-шара соңында қонақтарға алғыс білдіріліп, ән шашумен қорытындыланды.
