Жалғасып жатқан қалалық «Әдістемелік вернисаж – 2026» байқауы аясында өз тәжірибесін таныстыруды М. Әуезов атындағы мектеп бастады. Кәсіби байқау 18 ақпан мен 3 наурыз аралығында өтіп, қаладағы 16 мектептің басын біріктіруде.

Байқау «Жаңа әдістемелік шешімдер — іс жүзінде» ұранымен ұйымдастырылған. Осы кезең ішінде білім беру ұйымдары өздерінің практикалық тәжірибесін әдістемелік квесттер, практикалық зертханалар, пікірталас клубтары, проблемалық семинарлар мен шеберлік сабақтары арқылы ұсынады.
Негізгі мақсат — білім сапасын арттыруда және педагогтердің кәсіби шеберлігін дамытуда әдістемелік қызметтің маңызын көрсету.