Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
18 наурыз күні 11-сынып оқушылары арасында «Мемлекеттік қызметтің болашақ көшбасшылары» атты облыстық спартакиада өтті.
26-03-2026 09:24

Спартакиада аясында қатысушылар түрлі спорттық сайыстар мен интеллектуалдық байқауда өз бақтарын сынады. Мұхтар Әуезов атындағы мектеп командасы барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша құрметті 2 орынға ие болды.

Оқушылар тек жақсы дене дайындығын ғана емес, сонымен қатар нағыз командалық рухты, ұйымшылдықты және көшбасшылық қасиеттерді көрсете білді.

Үстел теннисі бойынша үздік ойыншылар:
Гусев Максим, Сансызбай Асанали, Камшибаева Эльмира.

Күштік сайыста көзге түскендер:
Харин Руслан, Айтуган Мансур, Борисов Альназар, Булатова Малика, Кожанова Алина.

Қалған сайыстарда да М. Әуезов атындағы мектеп командасы эстафеталарда ұйымшылдық танытып, интеллектуалдық кезеңде жоғары деңгейдегі көшбасшылық қабілеттерін көрсетті.

Команданы дайындаған мұғалімдер мен белсенді қатысқан оқушыларға алғысымызды білдіреміз.
Алдағы уақытта жаңа жеңістер тілейміз.