Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
625450
Адрес: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
АТА-АНАЛАР! Балаларды ересектердің қарауынсыз өзенге жібермеңіздер, әсіресе мұз жүру кезінде оларға мұз үстінде болудың қауіпті екенін ескертіңіздер.
06-04-2026 08:01
АТА-АНАЛАР! Балаларды ересектердің қарауынсыз өзенге жібермеңіздер, әсіресе мұз жүру кезінде оларға мұз үстінде болудың қауіпті екенін ескертіңіздер.

АТА-АНАЛАР!
Балаларды ересектердің қарауынсыз өзенге жібермеңіздер, әсіресе мұз жүру кезінде оларға мұз үстінде болудың қауіпті екенін ескертіңіздер. Есіңізде болсын, су тасқыны кезінде, тіпті мұз аз жүрсе де, жазатайым оқиғалар көбінесе балалармен орын алады. Балаларға су тасқыны кезеңіндегі мінез-құлық ережелерін түсіндіріңіздер. Үзіліп кеткен мұз айдыны, салқын су, қатты ағыс өлімге әкеп соғуы мүмкін. Балаларға мұз жүру және көктемгі су тасқыны кезіндегі сақтық шараларын ұғындырыңыздар.
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ!
Көктемгі су тасқыны кезінде мұз үстіне шықпаңдар.
Тік және су шайған жағалауларда тұрмаңдар — олар құлап кетуі мүмкін.
Көпірден, жағалаудан немесе айлақтан мұздың жүруін бақылаған кезде, қоршаулар мен сүйеніштерден асылып қарамаңдар.
Шұңқырларға, қазаншұңқырларға, кәріз люктері мен құдықтарға жақын бармаңдар.
Оқушылар, көктемгі су тасқыны мен мұз жүру кезінде сақ болыңдар. Өз өмірлеріңді қатерге тікпеңдер! Мұз еріп, су жайылған кезде су айдындарындағы мінез-құлық ережелерін қатаң сақтаңдар!