Мұхтар Әуезов атындағы ЖОББМ «ART & TECH: шығармашылық әлемі» эстетикалық цикл пәндері апталығының салтанатты ашылуы өтті.
Мұхтар Әуезов атындағы ЖОББМ «ART & TECH: шығармашылық әлемі» эстетикалық цикл пәндері апталығының салтанатты ашылуы өтті.
Ашылу аясында оқушылардың сәндік-қолданбалы өнері мен бейнелеу шығармашылығы бойынша көрмелер ұйымдастырылып, мектептің фойесі ұлттық нақышта безендіріліп, мерекелік әрі шабыттандыратын атмосфера қалыптастырды.
Оқушылар үшін түрлі ойындар, байқаулар және шеберлік сағаттары дайындалды. Ерекше қызығушылық тудырғандар: ленталардан фенечка тоқу бойынша шеберлік сабағы, «Жұбын тап» атты қызықты ойын, құммен сурет салу, сондай-ақ «Балғамен сынақ» атты тәжірибелік тапсырма.
Сонымен қатар, акт залында көркем еңбек пен музыка апталығының ашылуына арналған мерекелік концерт өтті.
