«Ұлттық style» жобасы аясында көркем еңбек сабағында 8-сынып оқушылары заманауи этностильдегі бас киімдердің элементтерімен танысты.
«Ұлттық style» жобасы аясында көркем еңбек сабағында 8-сынып оқушылары заманауи этностильдегі бас киімдердің элементтерімен танысты. Сабақ барысында олар фетр мен велюр маталарынан тақия тігіп, оларды аппликация техникасы арқылы ою-өрнектермен безендірді, сондай-ақ әшекейлер, кесте және термоаппликация қосты. Сонымен қатар бейсболкалар, панамалар және орамалдар да ою-өрнектермен әсемделді.
