Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Эстетикалық цикл пәндері апталығы аясында 15.04 күні «Ханшайым NEW-26!» байқауы өтті. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері: – Дарынды балаларды анықтау және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
20-04-2026 10:39
 Эстетикалық цикл пәндері апталығы аясында 15.04 күні «Ханшайым NEW-26!» байқауы өтті. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері: – Дарынды балаларды анықтау және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

 Эстетикалық цикл пәндері апталығы аясында 15.04 күні «Ханшайым NEW-26!» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
– Дарынды балаларды анықтау және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
– Өз ойын еркін әрі лайықты жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру;
– Балалардың мәдениеті мен көркем-эстетикалық талғамын дамыту.
Байқауға қатысушылар өздерін таныстырып, ойлау жылдамдығына арналған интеллектуалдық тапсырмаларды орындады.
«Шаштараз өнері» номинациясында жас шеберлер шаш өру дағдыларын көрсетіп, күнделікті және ерекше үлгідегі шаш үлгілерін жасады.
«Сәнді қиялдар» номинациясында қатысушылар өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін ұсынды. Бейнелерді жасау барысында байқауға қатысушылар түрлі материалдарды, соның ішінде қолда бар заттарды пайдаланды.
«Сахналық өнер» номинациясында қатысушылар әртүрлі жанрларда өнер көрсетіп, вокалдық және би қабілеттерін паш етті.
Қазылар алқасы байқау қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды келесі номинациялар бойынша анықтады:
«Ең креативті» – Меньшикова Ева, 6Е сынып (3 орын)
«Мисс артистік» – Канатова Інжу, 6А сынып (1 орын)
«Талант ұшқыны» – Чебалова Анна, 6Ж сынып (2 орын)
«Мисс сүйкімділік» – Кайдарова Малика, 6З сынып
«Аспаздық талант» – Нурмакина Русалина, 6З сынып
«Мисс креативті шаш үлгісі» – Шарапиденова Томирис, 6Г сынып
«Шығармашылық жан» – Жадыгерова Елизавета, 6Б сынып (2 орын)
Ұйымдастырушылар: көркем еңбек пәні мұғалімдері Жангужинова Г.К., Аманжолова К.К., Школьникова В.А.