Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында КММ «М. Әуезов атындағы ЖОМ» мектебінде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор Абенова Айжан Бауржанқызының қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу «Қауіпсіз еңбек жағдайлары — қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтаудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында келесі маңызды мәселелер қарастырылды:
еңбекті қорғау талаптарын сақтау
педагогтердің оқушылардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілігі
жазатайым жағдай кезіндегі әрекеттер
білім беру ұйымдарындағы негізгі қауіп-қатерлер
Еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру және әр қызметкердің жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар белсенді түрде пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісіп, практикалық жағдайларды талқылады.
Қорытынды: қауіпсіздік — бұл жай формальдылық емес, әр қызметкердің күнделікті жауапкершілігі!
