10 «В» сынып оқушысы Бриж Артём жүгіруден спорттық бағдарлау бойынша BURABAY-2026 халықаралық турнирінде мектебіміздің намысын абыроймен қорғады. Аталған жарыс International Orienteering Federation халықаралық ережелері мен Қазақстан Республикасының спорттық бағдарлау қағидаларына сәйкес ұйымдастырылды.
Жарыс 2026 жылдың 28 сәуірі мен 4 мамыры аралығында Бурабайда өтті. Турнир күрделі табиғи жағдайда ұйымдастырылды: қылқан жапырақты ағаштар басым аралас орман, жартасты таулы жер бедері, аумақтың жоғары ормандылығы және биіктік айырмашылығы 80 метрге дейін жетті. Бұл қатысушылардан төзімділік, ұқыптылық және жоғары дене дайындығын талап етті. Жарыс қорытындысы бойынша Артём жеке біріншілікте II орын иеленді. Артёмді жоғары жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектеспіз!
