Мектебіміздің «Самғау» жас мұғалімдер клубының онкүндігі аясында «Цифрлық педагог» байқауы өтті! Байқауға мектебіміздің ұстаздарымен қатар Жоғары колледж ИнЕУ-дің жас педагогтері де қатысты.
Мектебіміздің «Самғау» жас мұғалімдер клубының онкүндігі аясында «Цифрлық педагог» байқауы өтті!
Байқауға мектебіміздің ұстаздарымен қатар Жоғары колледж ИнЕУ-дің жас педагогтері де қатысты.
Қатысушылар білім беру үдерісінде цифрлық платформаларды қалай тиімді қолданатынын көрсететін бейнероликтер ұсынып, өздерінің дайын цифрлық өнімдерін таныстырды.
Байқаудың практикалық кезеңінде педагогтер цифрлық кеңістік мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жағдаяттық тапсырмаларды қорғады. Олар өздерінің кәсіби шеберлігін, креативтілігін және заманауи шешімдер таба білу қабілетін көрсетті
