Kundelik бағдарламасы аясында Halyk Bank-пен бірлесіп, Мұхтар Әуезов атындағы мектепте жеңімпаздар анықталды. 14 мамыр күні мектепте марапаттау рәсімі өтті. Сәуір айының қорытындысы бойынша марапатты 4 «Ж» сынып оқушысы Синицын Ярослав, 7 «Г» сынып оқушысы Жанибеков Ансар, 11 «Б» сынып оқушысы Айтұған Мансұр, 3 «Б» сынып оқушысы Турсунбеков Мади, 6 «Е» сынып оқушысы Жамеева Айзара, 7 «Ж» сынып оқушысы Иванюк Юлия иеленді. Олар үздік нәтиже көрсетіп, тек бір ғана «ондық» баға алғандардың қатарында автоматты түрде ұтыс ойынына қатысып, бас жүлде — 100 000 бонус (100 000 теңге) ұтып алды.
Halyk Bank өсіп келе жатқан ұрпақты қолдауға ерекше көңіл бөледі: оқу жетістіктерін ынталандырып қана қоймай, балаларға қаржылық сауаттылық негіздерін үйретіп, олардың болашағын сенімді түрде қалыптастыруға көмектеседі.
