22 мамыр күні 10-сынып ер балалары арасында «Далалық салауаттық спорттық лагерь» атты әскери-спорттық лагерьдің жабылу рәсімі өтті. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру, патриоттық рухын көтеру және ұйымшылдыққа тәрбиел
22 мамыр күні 10-сынып ер балалары арасында «Далалық салауаттық спорттық лагерь» атты әскери-спорттық лагерьдің жабылу рәсімі өтті.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру, патриоттық рухын көтеру және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Лагерь барысында оқушылар түрлі әскери-спорттық жаттығуларға қатысып, саптық дайындық, кедергілер жолағынан өту, дене шынықтыру жаттығулары мен командалық тапсырмаларда өз шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар белсенділік танытып, төзімділік пен ептіліктерін шыңдады.
Жабылу рәсімінде лагерь жұмысы қорытындыланып, белсенді оқушылар марапатталды. Іс-шара жасөспірімдердің патриоттық тәрбиесін нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.
