5 маусым күні М. Әуезов атындағы ЖББМ-нің 8-отряд тәрбиеленушілері Балалар мен жасөспірімдердің экология және туризм орталығына барды.
5 маусым күні М. Әуезов атындағы ЖББМ-нің 8-отряд тәрбиеленушілері Балалар мен жасөспірімдердің экология және туризм орталығына барды.
Балалар кедергілер жолағынан өтіп, жартасқа өрмелеуде өз күштерін сынады. Сонымен қатар жылыжайға экскурсия жасап, інжір мен басқа да экзотикалық өсімдіктерді тамашалады.
Сондай-ақ тәрбиеленушілер экологиялық квиз бен викторинаға қатысып, өз білімдері мен белсенділіктерін көрсетті. Командалық жұмыстың нәтижесінде команда қала мектептері арасында жүлделі II орынға ие болды.
Оқушыларымызды тамаша жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете берулеріне тілектеспіз!
