ӘКЕЛЕР ТУРНИРІ «МЕНІҢ ӘКЕМ — МЕНІҢ ҚАҺАРМАНЫМ»
Іс-шара аясында «Менің әкем — менің қаһарманым» атты әкелер арасында қызықты турнир өтті. Балалар өз әкелерімен бірге көңілді спорттық сайыстарға қатысып, белсенділік танытты. Іс-шараның басты мақсаты — отбасылық құндылықтарды нығайту, ата-ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынасты дамыту, сондай-ақ бірлік пен өзара қолдау атмосферасын қалыптастыру.Қатысушылар ептілік, күш, командалық рух және бір-біріне қолдау көрсете білу қабілеттерін көрсетті. Әр бала мен әке ерекше эмоцияға бөленіп, ұмытылмас әсер алды және бірге уақыт өткізудің қуанышын сезінді.
Іс-шара соңында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Әр әкеге «1 орын» жазуы бар медаль табысталды — себебі әр бала үшін оның әкесі нағыз қаһарман!
