Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
625450
Адрес: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Әуезов күні: сөз бен мұраның ұлылығы! М. Әуезов атындағы ЖОББМ ұлы қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің туған күніне орай «Ұлы Әуезов мұрасы» атты әдеби-сазды саяхат өтті.
29-09-2026 08:01
Әуезов күні: сөз бен мұраның ұлылығы! М. Әуезов атындағы ЖОББМ ұлы қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің туған күніне орай «Ұлы Әуезов мұрасы» атты әдеби-сазды саяхат өтті.

Әуезов күні: сөз бен мұраның ұлылығы!
М. Әуезов атындағы ЖОББМ ұлы қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің туған күніне орай «Ұлы Әуезов мұрасы» атты әдеби-сазды саяхат өтті.
Мектеп фойесінде жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды.
Іс-шараға ерекше әсер берген әдеби кейіпкерлер — Жамбыл Жабаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Александр Пушкин және Уильям Шекспир көрермендерге ізгі тілектерін айтып, ақыл-кеңестерін жеткізді.
Оқушылар өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Қазақ тілі мұғалімдері Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындаса, 7-сынып оқушылары «Сегіз аяқ» әнін шырқады. Музыка пәнінің мұғалімдері Ибраева Айгүл А. мен Мағжан Ысқақ қонақтарға музыкалық туындыларын ұсынып, ерекше көңіл күй сыйлады.
Кеш қонақтарына ерекше әсер қалдырған сәттердің бірі — жасанды интеллект көмегімен жасалған бейнеролик болды. Бейнероликте Мұхтар Әуезовтің бейнесі арқылы ұлы жазушы жас ұрпақты білімге ұмтылуға рухани құндылықтарды қастерлеуге шақырды.