Жүрегімізде мәңгі жасайтын асыл мұра! Ұлы жазушы әрі драматург Мұхтар Әуезовтің туған күніне орай, оның есімін мақтанышпен иеленген біздің мектебімізде «Әуезов күні» ерекше өтті.
Жүрегімізде мәңгі жасайтын асыл мұра!
Ұлы жазушы әрі драматург Мұхтар Әуезовтің туған күніне орай, оның есімін мақтанышпен иеленген біздің мектебімізде «Әуезов күні» ерекше өтті.
Әр күн сайын ана тіліміз бен мәдениетімізге деген сүйіспеншілікті арттырып жүрген ардақты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері сөз шеберіне деген өз құрметтерін білдірді.
Мұхтар Әуезов Абайды әлемге танытты, ал бүгінде біздің ұстаздарымыз оқушылардың жүрегінде білім мен ұлттық мақтаныш отын жағып, осы ұлы істі жалғастыруда.
