Бүгін мектебімізде 5–6 сынып оқушылары қатысқан «Күзгі калейдоскоп» фестиваль-квестінің бірінші бөлімі өтті!
7 команда, әр командада 6 оқушыдан, төрт станция бойынша қызықты саяхатқа аттанды:
«Зияткерлік» — білімдері мен тапқырлықтарын сынады;
«Шығармашылық» — қиялдары мен креативтіліктерін танытты;
«Табиғат сыйы» — күз және табиғатқа байланысты қызықты тапсырмаларды орындады;
«IT-станция» — цифрлық дағдылары мен тапқырлықтарын қолданды.
Әр команда тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап, топтық рухын, белсенділігін және көтеріңкі көңіл күйін көрсетті!
Фестиваль қорытындысы:
1 орын — 6 «Б» сыныбы
2 орын — 5 «В» сыныбы
3 орын — 6 «З» сыныбы
Қалған командалар да креативтілік, белсенділік, командалық жұмыс және басқа да жетістіктері үшін арнайы номинациялармен марапатталды!
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!
