Мектебімізде 9-сынып оқушылары арасында жарқын әрі ұмытылмас «Күзгі бал» мерекесі өтті! Оқушылар барша қатысушыларға әсем өнерлерімен, шығармашылықтарымен, әуезді ән-күйлерімен және көтеріңкі көңіл-күйлерімен нағыз күз мерекесін сыйлады.
Мектебімізде 9-сынып оқушылары арасында жарқын әрі ұмытылмас «Күзгі бал» мерекесі өтті! Оқушылар барша қатысушыларға әсем өнерлерімен, шығармашылықтарымен, әуезді ән-күйлерімен және көтеріңкі көңіл-күйлерімен нағыз күз мерекесін сыйлады. Әр сынып өзінің ерекшелігін, талантын және ұйымшылдығын көрсете білді.
Күзгі балдың қорытындысы:
Бас жүлде — 9 «Г» сыныбы.
І орын — 9 «Д» сыныбы.
ІІ орын — 9 «Е» және 9 «Ж» сыныптары.
ІІІ орын — 9 «А», 9 «Б» және 9 «В» сыныптары.
«Күзгі бал» мерекесіне қатысқан барлық оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Баршаңызға шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!
