Мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінің отырыстары өтті.
Бүгін М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінің отырыстары өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:
І тоқсанның қорытындыларын талдау, типтік қателерді анықтау және ІІ тоқсанда оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру жұмыстарын жоспарлау.
І тоқсан бойынша әдістемелік бірлестік педагогтерінің кәсіби қызметінің рейтингтік көрсеткіштерін талдау.
9–11-сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне қатысушыларды іріктеу және олардың дайындық жұмыстарын жоспарлау.
Мектепішілік жобаларды жүзеге асыру және пәндік апталықтарды өткізу.
Мұндай кездесулер — білім сапасын арттыруға, мұғалімдердің кәсіби дамуына және әрбір оқушының әлеуетін ашуға бағытталған бірлескен жұмыстың маңызды бөлігі.
