2026 жылғы 29–30 қазан күндері жас педагогтер, педагог-психологтер және аға тәлімгерлер арасында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының 2026–2027 оқу жылындағы қалалық кезеңі өтті.
Олимпиадаға Павлодар қаласының 70-тен астам жас маманы қатысты. Қатысушылар өздерінің педагогикалық идеяларын ұсынып, кәсіби әлеуеті мен шығармашылық көзқарастарын көрсетті.
Байқау бағдарламасы екі кезеңнен тұрды: «Менің педагогикалық ұстанымым: табыс формуласы» / «Мен – педагогпін, бұл қандай керемет!» тақырыбындағы өзін-өзі таныстыру және педагогикалық идеяны қорғау.
Олимпиада қорытындысы бойынша үздік 15 жұмыс облыстық кезеңге қатысуға ұсынылды, ал 17 қатысушы жүлделі орындар мен арнайы номинациялардың иегері атанды.
Жас педагогтерді лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Шабыт, жаңа кәсіби жетістіктер, тың идеялар мен толағай табыстар тілейміз! Әрбір педагогтің таланты оқушылардың қабілеттерін ашуға және дамытуға ықпал ете берсін!
