Орта буынға өту — әрбір оқушы үшін маңызды әрі толқуға толы кезең. Балаларға қолдау көрсету мақсатында мектебімізде 5-сынып оқушыларының бейімделуіне арналған кіші педагогикалық кеңес өтті.
Орта буынға өту — әрбір оқушы үшін маңызды әрі толқуға толы кезең. Балаларға қолдау көрсету мақсатында мектебімізде 5-сынып оқушыларының бейімделуіне арналған кіші педагогикалық кеңес өтті.
Жаңа пәндер, әртүрлі мұғалімдер және артқан оқу жүктемесі балалардан үлкен күш-жігерді талап етеді. Бұл кезеңде оқушылардың білімге деген қызығушылығын сақтап, күйзелісті азайту үшін педагогтердің бірыңғай көзқарасы мен уақытылы қолдауы аса маңызды.
Кездесу барысында мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері және психолог:
бесінші сынып оқушыларының алғашқы жетістіктері мен қиындықтарын талдады;
сыныптардағы психологиялық ахуалды бағалады;
балаларға жеке көмек көрсету жоспарын белгіледі
