Аталған байқау облыстық «Аққу» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Құрметті ата-аналарымыз Сайлауова Зульфира Ринатқызы (1 «Е» сынып оқушысы Софияның анасы), Қиякбаева Айнұр Әбілжанқызы (1 «Б» сынып оқушысы Ясминаның анасы), Мекежанова Динара Жақсыбайқызы (1 «Г» сынып оқушысы Айзеренің анасы) қалалық «Қыз еркем – қылығымен көркем» байқауында II орын иеленулерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Аталған байқау облыстық «Аққу» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді, халықтың сәндік-қолданбалы өнерін дәріптеу арқылы олардың рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру.
Жеңістеріңіз құтты болсын! Шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!
