Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
«Жанұя жылуы» жобасы аясында 5-сынып оқушыларының ата-аналары арасында «Отбасындағы жасөспірім: қалай дос болып қалуға болады? Неліктен ол өзгерді?» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
26-11-2026 08:45
«Жанұя жылуы» жобасы аясында 5-сынып оқушыларының ата-аналары арасында «Отбасындағы жасөспірім: қалай дос болып қалуға болады? Неліктен ол өзгерді?» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.

«Жанұя жылуы» жобасы аясында 5-сынып оқушыларының ата-аналары арасында «Отбасындағы жасөспірім: қалай дос болып қалуға болады? Неліктен ол өзгерді?» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналыстың мақсаты: ата-аналардың жасөспірімдердің жас және психологиялық ерекшеліктері туралы психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру, жасөспірімдік кезеңде орын алатын эмоционалдық және мінез-құлықтық өзгерістерді түсінуге ықпал ету.

Ата-аналар жиналысы барысында мектеп педагог-психологы Баисова А. К. жасөспірімдік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері туралы әңгіме жүргізіп, балалардың эмоционалдық дамуы мен отбасындағы қарым-қатынас мәселелерін талқылады.

Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Усейнов Даурен Канатович «Мектептің тәрбиелік ортасы: балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігі» тақырыбында әңгіме жүргізді.

Кездесу ата-аналар мен балалар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған интерактивті жаттығулар мен ойын түріндегі тренингтік элементтермен сүйемелденді.

Сонымен қатар, шақырылған мамандардың баяндамалары тыңдалды:

1. Психологиялық қолдау орталығының (ЦПЗ) психологы Симоненко Наталья Юрьевнаның баяндамасы.

Баяндама барысында жасөспірімдік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері, эмоционалдық өзгерістер, балалардың ата-аналар тарапынан түсіністік пен қолдауға деген қажеттілігі туралы мәселелер қозғалды.

2. Павлодар қаласы ПБ ЮОП ООБ УИП полиция майоры Манапова Наина Вячеславовнаның баяндамасы.

Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапкершілігі, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін сақтау және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері қарастырылды.

Ата-аналарға қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерінің алдын алу, балалардың интернеттегі белсенділігін бақылау және жасөспірімдердің жауапты мінез-құлқын қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілді.

Жиналыс соңында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, пікір алмасты және балалардың есейіп, қалыптасу кезеңінде оларға қолдау көрсетудің тиімді жолдарын талқылады.