Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
625450
Адрес: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
«Балдәурен» шағын орталығында «Еркемай» және «Солнышко топтарында «Шырша жанындағы жаңа жылдық кереметтер» атты ертеңгілік өтті.
26-12-2011 08:14
«Балдәурен» шағын орталығында «Еркемай» және «Солнышко топтарында «Шырша жанындағы жаңа жылдық кереметтер» атты ертеңгілік өтті.

26 желтоқсан күні сағ. 10.00-12.30 аралығында «Балдәурен» шағын орталығында «Еркемай» және «Солнышко топтарында «Шырша жанындағы жаңа жылдық кереметтер» атты ертеңгілік өтті.Ата аналар, мектеп директоры, тәрбие ісінің меңгерушілері қонақта болып, құттықтау сөздер айтты.Жаңа жылдық бұл мереке арнайы дайындалған бағдарлама бойынша өтті.Балалар Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алып,әсем әуенмен би билеп, ән шырқады,өнерден  шашу шашты.Түлкі, мысық, Қызыл телпек,қасқыр т.б. ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен қызықты да көңілді, қысқаша сахналық көріністер қойылды.

Сиқырлы ертегілер әлемінен келген гномдар Аяз атаны шақырып әкеліп, Жұлдызша болып би билеген қыздар шырша шамын жақты. Ақшақар балалармен ойын ойнап, оларға жұмбақ жасырды.

Ертеңгілік соңында  Аяз ата Аса таяғымен сермеп ,қол сандығын ашып, балаларға келген базарлығын таратты. Балалар үшін де, ата-аналар үшін де  ойын сауық көңілді де қызықты болып өтті. Ертеңгілік соңында ата-ананлар риза болып алғыстарын айтты.