Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Абай-дана,Абай-дара қазақта»
19-03-2014 06:41
«Абай-дана,Абай-дара қазақта»

«Абай-дана,Абай-дара қазақта»

Павлодар қаласы, М.Әуезов атындағы  №42 жалпы орта білім беру мектебінде 2-4 сынып оқушылары арасында    «Абай-дана,Абай-дара  қазақта» атты мектепішілік Абай оқулары өтті. Байқаудың мақсаты-Абайдың мұрасын насихаттау,ұлыларға деген оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру және туа біткен дарыны бар балалардың өнерін шыңдау.

  Байқау екі кезеңнен өтті.Бірінші кезең- «Өлең–сөздің патшасы,сөз сарасы» Абай шығармаларын жатқа айтушылар сайысы бойынша-12 оқушы, екінші кезең- «Көңілім әнді ұғады» Абай әндерін орындаушылар сайысы бойынша-8 оқушы қатысты.Әділ қазылардың шешімі бойынша Абай өлеңдерін мәнерлеп оқудан I орынға  4 «а» сынып оқушысы Теміргазина Дарина (мұғалімі Жаменкенова А.З.), II орынға  2 «а» сынып оқушысы, Қадырханов Аман (мұғалімі Әбелдинова А.Ә.), 2 «в» сынып оқушысы Журавлева Кристина (мұғалімі Ахметжанова А.М.), III орынға  2 «а» сынып оқушысыШефер Саша (мұғалімі Смағұлова З.Ж.), 3 «а» сынып оқушысы Асанов Ислам (мұғалімі Жаменкенова А.З), 3 «в» сынып оқушысы Кирова Арина(мұғалімі Жакина А.Х.) ие болды.

Абай әндерін орындауда I орынға 4 «а» сынып оқушысы Мананникова Анна, II орынға  4 «а» сынып оқушысы Асылболатова Фатима, 3 «а» сынып оқушысы  Әлжанова Дильназ , ІІІ орынға 4 «б» сынып оқушысы Бигалиева Алуа (мұғалімдері Жаменкенова А.З.),  2 «а» сынып оқушысы Ергешбаева Анел (мұғалімі Әбелдинова А.Ә.) ие болды. Қалған қатысушылар «Ынталандыру», «Толғауы тоқсан қызыл тіл», «Көрермендер көзайымы» номинацияларымен марапатталды. Темиргазина Дарина мен Мананникова Анна  қалалық Абай оқуларына жолдама алды.Біз бұл оқушыларға сәттілік тілей отырып, қалалық  сайыста жеңіс туының биігінен көрінеді деген сенімдеміз.

Жаменкенова Айнұр Зейноллақызы