Мектепшілік парламент пен президент сайлауы
20- 27 қыркүйекте мектебімізде "Мектепішілік парламент пен президент сайлауы" тәрбиелік іс-шара болып өтті. Іс-шараны Заң орталығы ұйымдастырып өткізді. Алдын-ала жұмыс түрлері жүргізілді. Мектеп президенттілігіне 10 сынып оқушылары Джамбулов Ильяс, Подейко Антон, Козкин Самат өз өтініштерін ұсынды. Олар мектеп оқушыларымен кездесіп, өз бағдарламаларымен таныстырды. 27 қыркүйекте сайлау болып өтті.
Дауысқа салу қортындысы бойынша мектеп Президенті болып Козкин Самат таңдалды.