Өзін-Өзі Басқару Күні
Ұстаздар күні құрметіне 2 қарашада біздің мектепте өзін-өзі басқару күні өтілді. Балалар өздерін мұғалімдер орнына қойып, оның қиындығын түсінуге тырысты. Биылғы оқу жылында директордың орнына Ұланбасы Маратов Алдияр, тәрбие ісінінің орына Туналинова Аина, оқу ісі меңгерушысі орнына Рей Анастасия, инспектор орнына Жиляков Алексей таңдалды. Мектеп «мұғалімдері» болып 10-11 сынып оқушылары алынды. Сондай-ақ мектеп мұғалімдерінен 11 сынып жинақталды. Үзіліс кезінде музыка ойналып, мектепте жағымды орта қалыптасты. Қорыта келгенде, мұғалімдер де оқушылар да қол жеткізген нәтижеге қуана тусті.