Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Облыстық семинар
01-02-2016 10:33
Облыстық семинар
Мұхтар Әуезов атындағы №42 жалпы білім беру мектебінде Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Білім беру және тәрбиелеуді дамытудың Инновациялық орталығы» КММ қоғамдастығымен «Ұлттық құндылықтың, рухани байлықтың көзі – әдебиет сабағы» тақырыбы бойынша қазақ әдебиеті мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтілді. Семинарды мәжіліс залында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымының кандидаты, қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі Айман Файзоллақызы Зейнуллина «Ұлттық құндылықтың, рухани байлықтың көзі – әдебиет сабағы» туралы сөз сөйледі. Павлодар облысының білім басқармасының Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының қазақ тілі мен әдебиетінің әдіскері Құралай Уахитқызы Негманова «Қазіргі сабақ талаптарын жүзеге асыру жолындағы ізденістер» тақырыбы бойынша әңгіме қозғады. Семинардың тәжірибелі бөлімінде 3 сабақ көрсетілді. 6 «А» сыныбында «Жиренше мен хан» аңыз әңгімесін ІІ деңгейлі мұғалім М.Ж.Абылова, 7 «А» сыныбында Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесін А.Е.Камзина, 10 «А» сыныбында Г.Қ.Абенова Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы тақырыптары бойынша ашық сабақ көрсетті. «Өзге ұлт өкілдеріне қазақ әдебиетін оқытудың тиімді жолдары: дәстүр мен жаңашылдық» тақырыбына дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Ә.С.Жұмабекова коучинг көрсетті. «Әдебиет сабағында көрнекіліктерді қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттері мен құзіреттіліктерін қалыптастыру» шеберлік сағатын Қ.С.Шахметова №20 ЖОББМ мұғалімі көрсетті. Облыстық семинарды марапаттау қағаздары мен сертификаттарды ұсынумен қорытындылады. IMG_1029 IMG_1036 IMG_1718 IMG_1030 IMG_1034 IMG_1037 IMG_1039 IMG_1642 IMG_1614 IMG_1601 IMG_1597