Тіл-сарқылмас қазына
Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекет-тің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Елімізде қыркүйек айының 28 күні – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күні. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы.
Осы мереке аясында біздің мектепте 8 сыныптар аралығында «Тіл-сарқылмас байлық» атты конференция өткізілді. Конференцияға 8 сынып оқушылары баяндама дайындаған.8 «А» сынып оқушысы Нечипоренко Анна «Тіл –сарқылмас қазына» атты баяндамасында тәлім-тәрбие тілден басталатынын оны ұрпақтан-ұрпаққа тарату басты міндет екенін атап айтты.8 «В» сынып оқушысы Семенова Арина «Туған тілім-тұғырым» атты баяндамасын-да қазақ тілі мемлекеттік тіл екенін көрсете білсе,8 «В» сынып оқушысы Брюшков Эльдар «Тілім-құдіретім»атты баяндамасын оқып,мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы екенін атап көрсетті.Сонымен қатар Ткачев Богдан, Кирова Арина,Рашит Сабина,Бедренко Тамара тіл туралы өлеңдер оқып шарамызды жандандырып жіберді.
«Ана тілінде еркін сөйлеп, шын жүрегіңмен құрметтесең ғана өзгелерге де ана тіліңді құрметтете аласың», - деп атақты жазушы бабамыз Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ана тіліміз өркендеп, асқар шыңдардан көріне берсін!
Павлодар қаласы
М.Әуезов атындағы №42 ЖОМ
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері
Әбенова Г.Қ, Қайырбекова Г.Х.