Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Поэзия –падишасы Фариза»
18-02-2020 13:59
«Поэзия –падишасы Фариза»

«Поэзия –падишасы Фариза»

Қазақ поэзиясының падишасы, әдебиет алаңындағы ең танымал муза, ақын әрі қайреткер.Фариза Оңғарсынова - көркемсөз майданында ақын мен жазушыға тән ерлік, батылдық, адалдық, ұлтжандылық, намысқойлық және адамгершілік секілді қасиеттердің биігінен көрінген ақын.Қаламынан тамып кеткен ғаламы бір төбе, «Заманының Махамбеті» атанған ақын һақында айтылған аңыз, жазылған дерек-дәйегінің өзі – ғаламат дүние.Қазақ поэзия-сындағы әйел тақырыбы дегенде сөзіміздің әлхамын Фаризадан бастай бере-тініміз де тегін болмаса керек.Ендеше оңтайлы сәттің орайын келтіріп ақын ғұмыры, аңыз тұғыры һақында ақынның 80 жылдығына арналған «Поэзия –падишасы Фариза» атты поэзия  сағаты М.Әуезов атындағы жалпы білім беру мектебінің кітапханасында өткізілді.Шараға 9 сынып оқушылары белсенді ат салысты.Оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа айтып,әндерін тыңдады.Ақынның өлеңдері келешек ұрпақты ерлікке, нәзік болуға, туған жер мен адамзатты сүюге апаратын жол екендігін сезінулері,біздің де мақсатымыз сол еді.

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Г.Х.Каирбекова,

кітапханашы Г.Е.Жүнісова