Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Буккроссинг
19-02-2020 11:33
Буккроссинг

Буккроссинг

Әр сәрсенбі қазақша сөйлесейік акциясы  аясында М.Әуезов атындағы 42 жалпы білім беру мектебінде кітап алмасу акциясы өткізілді. Бұл акцияға

 9 «Г» сынып оқушылары белсене ат салысты.«Буккроссинг» қазақшаға аударғанда   «кітап  сыйлау»  немесе  айналыста  жүруі»деген мағынаны   білдіретіндігін айтып, Буккроссинг қозғалысы туралы кеңінен ақпарат берді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кітап туралы айтқан ғибратты сөздеріне сүйене отырып, білімнің кітап арқылы берілетінін, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасына  тоқталды. 

Әдебиеттердің оқылымнан шығып қалмай, өз оқырманын табуының маңыз-дылығын атап өтті.Бұдан соң кітапханада 9«В»сынып оқушылары өздері оқыған кітаптары туралы мәлімет беріп, өзара  кітаптарымен алмасты.Өскелең ұрпақтың арасында кітап оқу мәдениетін тәрбиелеу, оқуға қызығу-шылықты арттыру мақсатымен ұйымдастырылған акция өз мақсатына жетеді деп ойлаймыз.

 

Акцияны ұйымдастырып өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Г.Х.Каирбекова