2020-2021 оқу жылына 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау 1 маусымнан 30 тамызға дейін жүргізіледі.
Оқуға қабылдану үшін оқушының ата- анасы немесе заңды өкілі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің ресми сайты арқылы электронды түрде өтініш беруі тиіс.
Өтініш беру үшін мына сілтеме (ссылка) бойынша өту қажет;
https://school.bilim-pavlodar.gov.kz/ru/.
Электронды түрде тіркелуге тиісті құжаттар тізімі;
1.Өтініш.
2.Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі.
3. 026/у-3 және 063/у нысанындағы баланың денсаулығы жөніндегі құжат
4. 3х4 көлеміндегі фотосурет.
1- сыныпқа қабылдану бойынша сұрақтарыңыз болса, COOL-орталықтың 65-62-86 телефонына хабарласуыңызды сұраймыз.
1 сыныптар бойынша ұйымдастырушылық жиналыстардың өткізілу күні мен уақыты мектеп сайтында және Instagram-да орналастырылады.
Жұмыс уақыты;09.00-17.00 (түскі ас13.00-14.00)
Мектеп мекенжайы: Павлодар қаласы, Ткачев көшесі, 15