Телефон доверия
87182-35-34-62
email: ksosh@goo.edu.kz instagram.com/ksosh_school
Адрес: Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылы, Конституция алаңы, 1
87182-353-461
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Тәуелсіздік жолында» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
13-12-2023 13:33
«Тәуелсіздік жолында» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында «Тәуелсіздік жолында» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оған мектебіміздің 9- 11 сынып оқушылары, сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар: Әлкей Марғұлан атындағы ППУ профессорлар қауымдастығы АбдрахмановБ. Н., Садықова А. М. және Токат Газиосманпаша университетінің профессоры (Түркия) Алпаслан Демир болды. Дөңгелек үстел ағылшын тілінде өтті. Дөңгелек үстелдің модераторы тарих пәнінің мұғалімі Д.К. Сулекеев. Дөңгелек үстелге қатысушыларға мектеп басшысы С.З. Ақылжанова құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан тәуелсіздік жылдарында халықаралық деңгейде танылған мемлекетке айналғанын атап өтті. Өз сөздерінде Ә.Марғұлан атындағы ППУ өкілдері Тәуелсіздік күнінің маңыздылығын, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктерін талқылады. Оқушылардың қызығушылығы шетелдік қонақ Алпаслан Демирмен мәселелерді талқылау барысында байқалды. Дөңгелек үстел қонақтары баяндамашылардың жұмыс мазмұны мен тілдік білімдерін бағалады. Мұндай іс-шара шет мемлекет өкілінің қатысуымен мектеп қабырғасында алғаш рет өткізілді. Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары, қызықты және мазмұнды презентациялары үшін алғыс айтамыз!