Сенім телефоны
87182-35-34-62
email: ksosh@goo.edu.kz instagram.com/ksosh_school
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылы, Конституция алаңы, 1
87182-353-461
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қамқоршы күні
30-10-2019 11:51
Қамқоршы күні

29.10.2019 жылы «Павлодар қаласының Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебі» ММ қабырғасында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамқорлыққа алған азаматтар үшін «Қамқоршы күні» мерекесі өткізілді.

Іс-шараның мақсаты-баланы тәрбиелеуге алған отбасыларға алғыс білдіру, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және олардың проблемаларына немқұрайлы қарамайтын адамдарды көтермелеу, балаларды орналастырудың баламалы түрлерін насихаттау.

Апта бойы мектепте мейірімділік, қайырымдылық, өзара көмек туралы кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана-рухани және жүрек жылуының аумағы – «Отбасы – әрбір бастаманың, істін бірлігі», «Мен отбасыммен мақтанамын» параллельдері бойынша суреттер конкурсы өткізілді (1-5 сыныптар), сынып сағаттары өткізілді:1-4 сыныптар – «Отбасы және отбасылық құндылықтар», сенім поштасы жұмыс істеді, мектеп сайтында жоспар мен құттықтаулар орналастырылған, мектеп фойесінде Қамқоршы күніне арналған стенд ресімделді, қамқоршыларға әртүрлі мәселелер бойынша кеңес беру үшін ақпараттық алаң ұйымдастырылды.

Іс-шараға 6 қамқоршы шақырылды.Қамқоршылар үшін «Мейірімді жүрек» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Кенжекөл ауылдық округі әкімдігінің бас маманы К.А. Сарсенова құттықтау сөз сөйлеп, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелегені және қамқорлығы үшін әкім атынан алғыс хат тапсырды. Мектеп директоры С.З. Акылжанова барлық педагогикалық ұжым атынан қамқоршылар Д.К.Жексенбинге, Ш. К.Аманжоловқа, М.М.Сыздыковаға, В.Б.Ткаченкоға, А.С.Бекбулатов, А.Д Шамгалиевқа зор алғыс білдірді,  грамоталармен марапаттап, жақсы тәрбие және қамқорлықтағы балаларға қамқорлық көрсеткендері үшін естелік сыйлықтарын табыс етті.

Мектеп психологтары «Отбасылық қарым-қатынастың жылуы» тренингтерін және мерекелік шай ішуді өткізді. Іс-шара өте жылы жағдайда өтті. Әрбір қорғаншы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп, мейірімді іс атқаратынын сезінді. Мерекелік күннің аяқталуы қамқоршыларды естелік сыйлықтармен марапаттау болды. Қамқоршылардан осындай мереке үшін алғыс сөздер айтылды.

Осы іс-шараны өткізу әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға елеулі үлес қосады және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, отбасы ошағына қамқорлық пен жылы сезімге қол жеткізуге көмектеседі.

Қамқоршыларға құрмет көрсетуді ұйымдастыруға мектеп директоры С. З. Ақылжанова, ТЖДО М. А. Кудайбергенова, А. К. Танжарыкова, әлеуметтік педагог Ш.А.Кадырбаев, психологтар Д. Е. Теміржан, А. Ж. Мукушева, сынып жетекшілері Б. Қ. Абильдина, А. С.Шаяхсултанова, Н.М. Қасымов, А.С. Абеуова, Г.К. Кульжанов, Г.Б. Щеглова, Н.А. Камашева қатысты.