Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 31-87-43
email: sosh32@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Ленин к., Панфилов көшесі 65
65-31-22, 31-87-43
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі: 15:00-18:00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Жас патриоттар
14-03-2011 08:41
Жас патриоттар

 

Жас патриоттар

 

2011 жылдың  10 наурызы  №32 мектеп ұжымындағы жас ұстаздардың есінде ерекше   қалатыны анық. «Нұр Отан» партиясы қатарына кіруге өтініш берген олар бұл күнді асыға күтті. Елбасымыздың «Еліміздің тағдыры-жастардың қолында, жастардың тағдыры –ұстаздың қолында» дегеніндей, қиын да қызықты мамандықты таңдап алған  жас мұғалімдер қауымы  ұжымға келісімен, өздерінің ұйымшылдығын, біліктілігін, білімділігін  жан-жақты көрсете білді. Отанымыздың болашағына үлестерін қосуға белсене бел буған жастарды Павлодар қалалық  «Нұр-Отан» партиясының филиалы төрағасы  А.Е.Алиакпаров  жылы қабылдап, салтанатты түрде партия куәлігін табыстады.Бұл да болса, жастардың бойында туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін

арттырып, махаббаттарын жалындата түсетіні анық.

№32 мектеп ұжымы «Нұр Отан» партиясы тобының  жаңа мүшелері: А.С.Шакенова, А.А.Аубакирова, А.И.Омарова, М.Т.Жанпейісов, А.Қ.Қайырбаев, А.Б.Алшымбекова, С.Қ.Алимова, Е.В.Антюшиналарды жас өмірлеріндегі жаңа қадамдарымен шын жүректен құттықтайды!