№32 мектеп бойынша «Мектепке апарар жол» акциясы өз деңгейінде жүріп жатыр. Аз қамтамасыз етілген, көпбалалы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға мектепке барар кезде демеу жасау, киім –кешектің, аяқ-киімнің, кеңсе тауарларының тапшылығынан мектепке келмей қалудың алдын-алу акцияның басты мақсаты болып табылады.. Осы орайда мектептің мөлтекауданындағы отбасыларының тізімі нақтылы тексеріліп, жағдайы нашар отбасынан-28 балаға, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 1 балаға киім-кешек, аяқ киім алынды.
«Қамтып оқыту» (Всеобуч) бағдарламасынан 115 000 теңгеге киім-кешек, аяқ-киімге бәсеке жарияланып, 57000 теңгеге сыртқы, қысқы киімдер алынып таратылды. Қалған 58000 теңгеге қосымша кеңсе тауарлары, оқушыға қажетті оқу құрал-жабдықтары және әрбір мұқтаж оқушыға 10000 теңгеге дейін материалдық көмек көрсетілуге қаражат жеткілікті.
«Мектепке барар жол» акциясы бойынша кенттегі «Рубиком» ЖШС мен Қалалық мәслихаттың депутаты Серік Умарханов сынды лауазымды азаматтар, жеке кәсіпкер Ибраев ұсынысымызды қабыл алып, көмек көрсетіп жатыр.
Р.Жайдақбаева