Есентай ағаны ұмытпаймыз
Жерлес ақын, балалар жазушысы Есентай Ерботиннің шығармашылығына арналған қалалық сайысқа мектеп ішінде жарыс өтті. Ақынның өмірбаянымен танысып, өлеңдерін мәнерлеп оқыған оқушылар арасынан Надежда Твердохлеб-7 сынып пен Әділ Жанғалиев-2сынып озып шығып, Жүсіпбек Аймауытов атындағы тетрда өткен қалалық сайысқа жолдама алды. Өлеңдерді мәнерлеп оқып, қалалық байқауда 2-ші орынды иеленген шәкірттерімізді мектеп әкімшілігі де құттықтап, марапаттады.
№ 32 мектеп.