Біз достықты жырлаймыз.
Достық, татулық, Отансүйгіштік-осындай адамгершілік қасиеттерді жас өркеннің бойына сіңіруді мақсат еткен тәрбие сағаты №32 мектептің бастауыш қазақ сыныбында өтті. Достық, жолдастық туралы мақал-мәтелдерді айтып, өлең-жырларды шырқаған бүлдіршіндер мен ата-аналар арасында тәрбиелік мәні бар тәрбие сабағының тақырыбы қонақжай халқымыздың дастархан басындағы мәнді де мазмұнды әңгімесіне ұласты. Ұрпағымыздың болашағына алыстан көз салған сынып жетекшісі-Оқасова Сәния Дүйсенбекқызына ата-аналар шексіз ризалықтарын білдірді.
№ 32мектеп.