Ақпан айының бірінші аптасында – «Мамандық таңдау» апталығының өтуі - Павлодар қаласының № 32 жалпы негізгі мектебінде дәстүрге айналған. Осы дәстүрді негізге ала отырып, мамандық таңдауда оқушылардың қалаған мамандықтарына қол жеткізуге бағыт беріп, өз ісінің білгір маманы болу керек екендігін үйрету мақсатында мектеп бітіруші
9 сынып оқушыларымен қала колледждері мамандарының бірлесіп өткізген «Оқушыларды мамандықты құзыретті таңдауға дайындау» атты дөңгелек үстелі өткізілді. Бұл іс-шараға №31 мектептің түлектері де қатысты.
Мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру, мақсат қоя білуге, мақсатына жете білуге тәрбиелеу үшін өткізілген жиылысқа қаланың 11 колледжінен мамандар келіп, оқушылар мен ата-аналардың көкейтесті сұрақтарына нақты жауаптар алды.