2016 жылғы 4 қарашада Павлодар қаласының №16 лицей-мектебінде білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы дәстүрлі «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде» облыстық конкурсының ақтық кезеңін өткізді. Конкурс білім беру үдерісінде қазіргі ақпараттық — коммуникациялық технологияларды қолдануда инновациялық тәсілдерді анықтап таратуға, облыс білім беру мекемелерін инновациялық іс-әрекетке ынталандыруға бағытталған. Бұл конкурсқа қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ә.Ж.Уныйбаева және № 33 ЖОМ мұғалімі Г.Қ.Қапбасова бірігіп, 5-6 сыныптарға арналған қазақ тілі пәнінен электронды оқу құралдары мен ActivInspire бағдарламасында жасалған сабақ жоспарларын ұсынды. Жұмыстары жоғары деңгейде бағаланып, «Жаңашыл ұстаз» аталымымен марапатталды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беруде