Сенім телефоны
8 (7182) 31-87-43
email: sosh32@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Ленин к., Панфилов көшесі 65
65-31-22, 31-87-43
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі: 15:00-18:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы акциясы
11-11-2016 17:51
«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы акциясы

2016-11-08-10-00-10-1-1

2016 ж. 08 қарашасында Павлодар мемлекеттік университетінің Пресс-клубында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы республикалық акциясы Білім беру министрлігі өкілдерінің ұйымдастыруымен өткізілді.Оған білім беру саласындағы ұстаз, мұғалімдер, жас мамандар және ЖОО студенттері қатысты. Біздің мектебімізден аға тәлімгер Асылханова Рауза Тлеулесовна қатысыты. Салимова Айзада Қасенқызы – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі мен академиялық ұлттық аралық орталығының жетекші маманы - акцияның 01 қарашада басталғанын және құрамда 270 адам, 17 министрлік, ұлттық компаниялар барын айтты және Балмағамбетов Қанат Маратұлы, Шайкозов Нұрлан Рсалыұлы, Дәуленов Ернұр Нұрланұлы барлық білім берудегі қатысты сұрақтарға жауап беруге тырысты. Шайкозов Нұрлан Рсалыұлы - ҚР Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік қаржыландыру жөніндегі маманы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың студенттерге арналған бағдарламасын ашып айтты. Мемлекеттік білім берудегі кредиттік қаржыландыру 4 банкте және де тек ғана Қазақстан ішінде жүзеге асырылады. Дәл осындай мүмкіндікпен 2-ші жоғары білім алушы мұғалімдер де пайдалана алады, тек ғана КТА тапсырғаны абзал. Білім берудегі қатысты туындаған мәселелер бойынша әртүрлі сұрақтар қойылып, жауап алынды.