Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 31-87-43
email: sosh32@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ., Ленин к., Панфилов көшесі 65
65-31-22, 31-87-43
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі: 15:00-18:00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Ашық аспан астындағы мұражай
06-07-2010 18:00

Ертіс өзенінің жағасына қарай орналасқан «Ашық аспан астындағы мұражайды» біреу білер, біреу білмес. Атының өзі айтып тұрғандай, мұражай экспонаттары далада орналасқан. Әрқайсы өз орнымен өте қолайлы орналастырылған жабдықтарды күн көзінен, жаңбыр –судан, жел-дауылдан қорғап, сақтап отырған мұражай қызметкерлерінің еңбегін өте жоғары бағалауға болады. Сан салалы техниканың қызған шағында кішкентай бала түгілі орта жастағы азаматтар ұмыта бастаған ата-бабамыздың қолданған заттары, тұтынған тауарлары, сол заманғы техникалар кімді де болса қызықтырары анық. Аталмыш мұражайға ат басын тіреген

№ 32 мектептің жанынан құрылған «Достық» лагерінің балалары да әр нәрсенің қалай аталатынын, онымен не істеуге болатынын жамырай сұрасып, қолдарымен ұстап көруге мүмкіндік алды. Атам заманғы пәуеске арба, жем сақтайтын пұрман, алтыбақан, қобдиша, самауыр, сәкі, арбаның түрлері, темір қақпа, айыр, қашау, жазу машинкасы, тамақ даярлайтын пеш тағы басқа экспонаттар туралы кеңінен мағлұмат алған балалар бүгінгі электроника заманына дейінгі өмірмен тағы бір қырынан танысты. Бұл да болса – жас ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелейтін патриоттық іс. Мұндай саяхаттар лагерь жоспарында кеңінен орын алған.

Игілікті істі жасауда лагерь қызметкерлері қажымай-талмай еңбек етуде.