Әлеуметтік бағыт, әлеуметтік бағдар, әлеуметтік жағдай... Қазіргі жаңа заманның алдымен ауызға алар сөзі осылай болып тұр. Елбасымыздың өзі халқымыздың әлеуметтік жағдайына баса назар салып отырғаны белгілі. Жақында осы мәселені қолға алған Павлодар қалалық Білім бөлімі ұйымдастырған "Ең үздік әлеуметтік педагог" байқауы да осы игі істің дәлелі болды.Ленин кенті № 32 мектебінен қатысқан әлеуметтік педагог Жайдақбаева Райгүл Құнашқызының осы байқаудың шарттарын бұлжытпай орындап, бірнеше жылғы еңбек тәжірибесінің арқасында "Ең үздік әлеуметтік педагог" атануы мектеп ұжымын қатты қуантты.Қала мектептеріндегідей арнайы инспекторы жоқ, кез келген әлеуметтік жағдайды шешуге, оқушының көңіл-күйін бағдарлап, онымен тіл табысуға, әр түрлі тұрмыстық жағдайдағы ата-аналармен тіл табысуға, оларды бірден өзіне баурап, отбасы проблемаларын талқылап, кеңес бере отырып, тәртіпке шақыра білетін маманды оқушылар ұжымы, мұғалімдер, ата-аналар атынан шын жүректен құттықтай отырып, еңбегіне табыс отбасына бақыт тілейміз!
Құттықтаймыз!